본문으로 서브메뉴로
2025
жылғы халық санағы мен тұрғын үй санағы

Санаққа қатыса отырып, Кореяның болашағын жарқын етуге өз үлесіңізді қосасыз.

1. Халық санағы мен тұрғын үй санағы жайында

Халық санағы мен тұрғын үй санағы деген не?

  • 'Кореядағы статистика басқармасы бес жыл сайын (яғни, соңғы саны 0 не 5 болатын жылдары) Корея Республикасында тұратын азаматтар мен тұрғын үй есебін жүргізіп, сипаттамасын бағалау үшін халық санағы мен тұрғын үй санағын өткізеді.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәліметіне сүйенсек, халық санағы мен тұрғын үй санағы белгілі бір уақытта елдегі не аймақтағы барлық жеке тұлғаларға, үй жайы мен тұрғын үйге қатысты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, бағалау, талдау әрі тарату үшін жүргізіледі.
  • Сауалнамаға Корея Республикасында үш айдан артық өмір сүрген не соны жоспарлап отырған барша шетел азаматтары да қатысуға тиіс.
  • Барлық жауап статистика туралы заңға сәйкес қатаң қорғалып, статистика мақсатында ғана қолданылады.
Сауалнама нәтижелерін пайдалану

  • Негізгі ұлттық саясаттың басты анықтама материалы
  • Әр түрлі зерттеу жүргізу үшін халық және іріктеу жиынтығы
  • Жалпы сауалнама деректерін пайдалана отырып, қайталама статистиканы әзірлеу
  • Университеттер мен институттардағы академиялық зерттеулер, сондай-ақ жеке сектор операцияларына арналған бизнес басқару деректері

2. 2025 жылғы халық санағы мен тұрғын үй санағы

  • Сауалнаманың мақсаты: Корея Республикасындағы барша адамдардың, үй жайы мен тұрғын үйлердің жалпы санын, құрамын, таралуын және жеке сипаттамаларын анықтау; сауалнама нәтижесі - ұлттық саясатты әзірлеу мен бағалаудың, академиялық зерттеулер мен жеке сектор операцияларының негізгі тірегі.
  • Зерттеу кезеңі: 22.10-18.11, 2025 жыл
    * Сауалнамаға қатысқандар ұтыс ойынымызға да қатысып, «Корей санағының 100 жылдығы» ескерткіш монеталарын (құны 50 000₩) не мобильді сыйлық сертификатын (құны 30 000 ₩) ұтып алуға мүмкіндік алады. (Қаражат таусылғанша)
    Ұтыс ойынын тексеру
  • Сауалнама нысаны: Корея Республикасының аумағындағы 20% іріктеп зерттеу жүргізу үшін санақ жүретін ауданда тұратын барша корей азаматтары мен шетел азаматтары, сондай-ақ олардың тұрғын үйі.
Интернет арқылы сауалнамадан өту (ПК, мобильді телефон)
Телефон арқылы сауалнамадан өту
080-2025-2025 (күн сайын 08:00-21:00 аралығында)
Санақ жүргізушісіне сұхбат түрінде жеке жауап беріп, сауалнамадан өту (планшет)
Санақ жүргізушісі планшет арқылы өткізіп, компьютер арқылы жауап беру
(※Халық санағы мен тұрғын үй санағы бойынша уәкілетті санақ жүргізушісінің жеке куәлігі мен планшеті болады, сауалнамаға жауап бермей тұрып, жүргізушіні тексеріп алыңыз.)

3. Статистика туралы заң

Статистика туралы заң, 32-бап, (қатысушының шынайы жауап беруі)

  • Статистикаға қатысушы сауалнама жүріп жатқанда не дерек ұсынуды талап еткенде, сондай-ақ статистика шығарумен айналысатын адамның сенімді статистика жасауы үшін сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беруі керек.
Статистика туралы заң, 33-бап (құпия сақтау)

  • Жеке тұлғалардың, корпорациялардың, ұйымдардың және т.б. құпия ақпаратқа жататын мәселелері мен статистика дайындау барысында белгілі болған мәліметтері қорғалуы керек.
  • Жеке тұлғалардың, корпорациялардың, ұйымдардың және т.б. құпия ақпаратқа жататын мәселелері мен статистика дайындау барысында белгілі болған мәліметтері статистика жасаудан басқа мақсатта қолданылмауы керек.
Статистика туралы заң, 34-бап (Статистика қызметкерлерінің міндеті)

  • Статистика қызметінің тағайындалған агенттігі осындай іскерлік жұмыстың барлығын немесе бір бөлігін сеніп тапсырғаннан кейін статистика қызметкеріне не бұрын жұмыс істеген қызметкерге өз міндеттерін орындау барысында білген барлық ақпараттыөз қызметінен тыс мақсатта пайдаланбауға, оларды басқа адамдарға жарияламауға міндетті.

4. Корея статистикасы мен халық санағынан хабардар болу жайында

Корея статистикасы - статистика жұмысымен айналысудың негізгі функциясы бар, ұлттық статистиканың дамуын ілгерілетуге, экономиканың барлық салаларына қатысты құнды ақпарат беру үшін сенімді деректерді өндіруге жауапты ұлттық үкіметтік ұйым.
Алғаш рет 1925 жылы заманауи әдістерді қолдана отырып жүргізілген халық санағы мен тұрғын үй санағы - Кореяның ең маңызды ұлттық сауалнамасы, сондай-ақ 2025 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Санақ тек Корея азаматтарын ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтарын да қамтитын, салық салуға, иммиграция мәртебесі мен құқықтық мәселеге қатысы жоқ жұмыс.
Жиналған деректер шетел азаматтарын да қолдайтын саяси шешім қабылдауға негіз болады.Санаққа қатысуға сізді де таңдаса, біз сізден сіздің отбасыңыздың келешегін жарқын етуге көмектесу үшін бізбен бірге болуыңызды өтінеміз.